Арқа төріндегі V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қыза түсті. Күн сайын ел спортшыларының қанжығасы майланып, жүлде қоржыны қомпайып келеді. 11 қыркүйектегі мәліметтерге сүйенсек, қазір ұлттық құрама қоржынында барлығы – 58 медаль бар. Оның 26-сы алтын, 14-і күміс және 18-і қола.

Әлем назарын аударған байрақты бәсеке соңына дейін спортшылар әлі біраз жүлдеге қол созатыны анық. Өйткені қазірдің өзінде көптеген спорт түрінен ақтық сынға жолдама алып отыр.

Елдегі дүбірлі додада тарихи оқиға болды. Ол – тоғызқұмалақ тақтасының ғарыш кеңістігіне шығуы. Ресей ғарыш агенттігімен арадағы келісім негізінде ішінде тастары бар тақта алғаш рет Көшпенділер ойындары аясында стратосфера қабатына шығып, қайтадан жерге жеткізілді. Бұл – үстел ойындарының жанкүйерлері үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін де маңызды жаңалық. Өйткені тоғызқұмалақ – ғарышта болған жалғыз үстел ойыны.

Айта кетейік, аталған жарыста ел намысын қорғап жатқан спортшылар қатарында Сыр елінің мақтаныштары да бар. Жарыстың алғашқы күнінде Бекжан Төлепов қазақ күресінен 55 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанса, тоғызқұмалақтан Бексұлтан Бостандықов алтын медальға ие болады.

Жеңісті күндер көп болсын!

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!