Қала аумағында орналасқан орта және шағын кәсіпкерлік нысандардың көрнекі ақпараттарының «Тіл туралы» Заңының 21-бабына сәйкестігі зерделеніп, кемшілік анықталған нысан иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Korneki» әлеуметтік жобасы іске қосылды.
Қызылода облысының қоғамдың даму басқармасының тапсыры шеңберінде жыл соңына дейін 30 көшенің бойында орналасқан кәсіпкерлік нысандарға мониторинг жұмыстары жүргізу жоспарланған.
«Көрнекі» жобасының аясында құрылған мониторинг топтың құрамында Қызылода облысының қоғамдың даму басқармасына қарасты Тілдерді дамыту және ономастика бөлімі, «Тілдерді оқыту орталығы» КММ, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары және арнайы дайындықтан өткен «Таза тіл» еріктілер тобы бар. Рейд жұмыстары барысында көшелер бойындағы халыққа қызмет көрсету орындары, сауда орталықтары мен басқа да жеке кәсіп нысандарындағы жарнамалар мен көрнекі ақпараттардағы тіл нормаларының сақталуы, мемлекеттік тілдің қолданылуы зерделенеді.

Жобаға әлеуметтік желіні қолдану мақсатымен «Körneki» электронды платформасы (телеграм бот) және инстаграм-парақшасыда жасақталды. Жобаны таныстыру, жұмыс барысы мен заңнаманы түсіндіруде тұрақты түрде посттар жарияланып тұрады. Қала тұрғындары қоғамдық қатынастардың әртүрлі салаларында тіл заңнамаларының бұзылуын анықтаған жағдайда телеграмм бот платформасына ақпарат жолдай алады, – деді жоба үйлестіруші Н.Қожахмет.
Сәуір айының қорытындысынасәйкес 5 көше, 216 көрнекі ақпарат пен жарнамалар зерделеніп, 51 кемшілік анықталды. Анықталған кемшіліктер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кәсіпкерлерге әдістемелік көмектер көрсетілді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!