Адамзаттың эмоционалды күйі оның жұмысына, ортасына жақындарына ғана емес, бүкіл қоғамға әсер етеді. Мәселен, егер сіздің көңіл-күйіңіз болмаса, өзгелердің сізге айтқан ұсынысын, қарым-қатынасын мүлде басқаша қабылдауыңыз мүмкін. Біздің санамызда кез-келген дүниені қабылдау үшін күлкіні яғни қуанышты қажет ететін респекторлар бар. Күлкі – қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күйді білдіретін ым-ишара. Күлкі мен қуанып жүрудің өзіміз үшін пайдалы екенін бұрыннан білеміз. Саламатты өмір салтын сақтап жүрсеңіз де, жүзіңізде жымию болмаса, ішкі ағзалар шаршаңқы, әлсіз болып кетеді екен. Күлкінің өмірді ұзартатынын көп айтамыз. Бірақ ол шынымен өмірімізді ұзарта ала ма? Бұл сұрақ қарапайым адамдарды ғана емес, күлкінің денсаулығымыз бен ұзақ өмір сүруімізге әсерін зерттейтін ғалымдарды да қызықтырады. Бұл мақалада біз осы мәселе бойынша ғалымдардың әртүрлі көзқарасынан туындаған мынадай фактілерді ұсынамыз. Оқып көріңіз.
1. Күлкінің физикалық денсаулыққа әсері
Күлу арқылы тек көңіл-күй ғана көтерілмей, денсаулығымыз нығайып, иммундық жүйе жақсарады және ауруға қарсы тұрады. Ол тек денсаулыққа пайда беріп қоймай, стрессті азайтуға ықпал етеді. Жүрек-тамыр жүйесінде жоғары қанайналым жасап, аурудың алдын алады.
2. Күлкінің психологияға пайдасы
Күліп жүру арқылы стресстен арылып, көңіл-күйді жақсартуға болады. Осы арқылы әлеуметпен байланысыңыз артып, жақындарыңызға деген жылулығыңыздың жалыны күшейеді. Бұл аз десеңіз, өзіңізге сенімділік жоғарылап, лидерлік қабілетіңіз артады. Әрине, беталды күлкі емес, шынайы эмоцияны шығарған кезде ғана.
3. Күлкі терапиясы. Шынайы эмоция – шипа
Әлем халықтарының 5\1 бөлігі күнделікті стрессте жүретіні анықталды. Яғни, әрбір бес адамның біреуі – томаға тұйық, өз ортасында жабық болып келеді деген дерек бар. Оның мұндай халде болуына жәй ғана күлмеуінің немесе эмоциясын шынайы шығара алмауы себеп. Сол үшін психологтар депрессия мен стресске түскен адамға айнаның алдында отырып жалған күлкі жасауы – шынайы эмоциясын шығаруға көмектесетінін айтады. Егер, олай істеуге дәл қазір мүмкіндігіңіз болмаса, жәй ғана өткен шақты еске алыңыз. Себебі, өткен шақтың қайғылы болуы мүмкін емес.
4. Күлкі – әлеуметтік құрал
Күлкі – адамдар арасындағы әлеуметтік байланыс пен өзара әрекеттесуге ықпал ететін әмбебап тіл. Ортақ әзіл немесе күлкілі жағдай адамдарды біріктіріп, жағымды атмосфераны қалыптастырады және қарым-қатынасты белсенді ететін шынайы дүние – осы.
5. Күлкі және психологиялық әл-ауқат
Жәй ғана жымию – жағымсыз эмоциялармен күресуге көмектеседі, қиындық туралы ойлай беру мен алаңдаушылықты азайтады. Бұл – релаксацияның бір түрі. Сіздің көңіл-күйіңізді және жалпы психологиялық әл-ауқатыңызды жақсарту тәсілі – осы күлкі емес пе?
6. Күлкі табиғи ауруды басатын құрал ретінде ерекше
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, күлкі ауырсыну сезімін азайтуға және ауырсынуға төзімділікті жақсартуға көмектеседі. Күлкі кезінде денеде пайда болатын процестер эндорфин сияқты табиғи ауырсынуды басатын заттардың шығарылуын ынталандырады.
7. Күлкі және когнитивті жетілдіру.
Зерттеулер нәтижесінде күлкі есте сақтау, зейін және шығармашылық ойлау сияқты когнитивтік функцияларды жақсартатыны анықталды. Күлкі мидың жұмысын жақсартады һәм ақпарат алмасу мен оны қорытуды тездетеді.
8. Күлкі және иммундық жүйе.
Күнделікті күліп жүру – иммундық жүйенің де жұмысын жақсартады. Күлкі кезінде дене антиденелерді көбірек шығарады және инфекциялар мен аурулармен күресуге көмектесетін иммундық жүйенің жасушаларын оятады Адамның күні бойы шаршап құртқан энергиясын күлкі кезінде қайта жинап алуға болады екен.
Мақалада сіздің күліп жүруіңізге арналған 8 себепті айқындап көрсеттік. Бұл деректердің ішінде ғылыми зерттеулердің негізгі нәтижелері мен белгілі ғалымдардың пікірі жинақталған. «Күлкі біздің өмірімізді ұзарта ма?» деген сұраққа жауап осы факттермен айқындалады. Дегенмен көптеген зерттеулер күлкінің денсаулығымызға және әл-ауқатымызға оң әсерін көрсетеді. Күлкі тек қуаныш пен көңіл көтеруді ғана емес, сонымен қатар физикалық және психикалық күйімізді нығайта алады. Сондықтан, күліп жүріңіз, оқырман!
Нұртілеу КҮМІСБЕКҰЛЫ
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!