13 наурыз күні солтүстік-батыс циклондарының ықпалы мен атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады. Түнде қар жауып, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Елдің қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр. Республика бойынша желдің күшеюі, боран, көктайғақ және тұман күтіледі.
Астанада ауыспалы бұлтты. Түнде аздаған қар, күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Жаяу борасын, көктайғақ. Таңертең тұман түседі. Түнде және таңертең жел екпінді. Ауа температурасы түнде -3…-5°C, күндіз -1…+1°C.
Алматыда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ. Ауа температурасы түнде -7…-9°C, күндіз 0…-2°C.
Шымкентте аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Кейде тұман түседі. Ауа температурасы түнде -7…-9°C, күндіз +6…+8°C.
Ақтауда ашық, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 0…-2°C, күндіз +10…+12°C.
Ақтөбеде ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман. Ауа температурасы түнде 0…-2°C, күндіз +1…+3°C.
Атырауда ашық, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -1…-3°C, күндіз +8…+10°C.
Жезқазғанда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -7…-9°C, күндіз +1…+3°C.
Қарағандыда бұлтты. Түнде және таңертең аздаған қар, жаяу борасын. Түнде жел екпінді. Ауа температурасы түнде -7…-9°C, күндіз -3…-5°C.
Көкшетауда ауыспалы бұлтты, түнде аздаған қар, жаяу борасын. Жолдарда көктайғақ. Түнде және таңертең жел екпінді. Ауа температурасы түнде -2…-4°C, күндіз -1…+1°C.
Қонаевта ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман. Ауа температурасы түнде -7…-9°C, күндіз 0…-2°C.
Қостанайда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде -4…-6°C, күндіз 0…+2°C.
Қызылордада аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Кейде тұман түседі. Ауа температурасы түнде -3…-5°C, күндіз +6…+8°C.
Павлодарда бұлтты. Түнде және таңертең жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу борасын. Жел екпінді. Ауа температурасы түнде -4…-6°C, күндіз -1…+1°C.
Петропавлда бұлтты. Түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ, күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу борасын, көктайғақ. Түнде жел екпінді. Ауа температурасы түнде шамамен 0°C, күндіз -3…-5°C.
Семейде ауыспалы бұлтты. Түнде қар, боран, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ. Түнде және таңертең жел екпінді. Ауа температурасы түнде -8…-10°C, күндіз 0…-2°C.
Талдықорғанда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -17…-19°C, күндіз 0…+2°C.
Таразда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кейде тұман түседі. Ауа температурасы түнде -7…-9°C, күндіз +3…+5°C.
Түркістанда аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Кейде тұман. Ауа температурасы түнде -6…-8°C, күндіз +6…+8°C.
Оралда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман, көктайғақ. Ауа температурасы түнде -4…-6°C, күндіз +3…+5°C.
Өскеменде ауыспалы бұлтты. Таңертең және күндіз қар, боран. Жел екпінді. Ауа температурасы түнде -10…-12°C, күндіз -1…-3°C.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
