Синоптиктер 2 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. «Қазгидромет» мәліметінше, ел аумағының басым бөлігінде циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар ықпал етіп, жауын-шашын түседі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Метеорологтардың болжауынша, Қазақстанның көп бөлігінде жаңбыр мен қар жауады, солтүстікте қар күтіледі. Тек орталық және шығыс өңірлерде антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейіп, батыс, солтүстік және оңтүстіктің таулы аймақтарында жаяу бұрқасын, тұман және көктайғақ болуы мүмкін.

Қалалар бойынша болжам:

Астана: Ауыспалы бұлтты, таңертең және күндіз қар, жаяу бұрқасын. Жел екпінді. Түнде -20…-22°C, күндіз -6…-8°C.

Алматы: Ауыспалы бұлтты, күн соңында жауын-шашын (көбіне жаңбыр). Кей уақытта тұман, көктайғақ. Түнде -7…-9°C, күндіз +3…+5°C.

Шымкент: Ауыспалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр мен қар. Түнде және таңертең тұман. Түнде 0…-2°C, күндіз +10…+12°C.

Ақтау: Бұлтты, түнде және таңертең аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жолдарда көктайғақ. Түнде шамамен 0°C, күндіз +3…+5°C.

Ақтөбе: Бұлтты, аздаған жауын-шашын (көбіне қар). Түнде -4…-6°C, күндіз 0…-2°C.

Атырау: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Түнде -4…-6°C, күндіз +3…+5°C.

Жезқазған: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -11…-13°C, күндіз -4…-6°C.

Қарағанды: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -18…-20°C, күндіз -8…-10°C.

Көкшетау: Ауыспалы бұлтты, кей уақытта қар, жаяу бұрқасын. Күндіз жел екпінді. Түнде -19…-21°C, күндіз -5…-7°C.

Қонаев: Ауыспалы бұлтты, күн соңында жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кей уақытта тұман, көктайғақ. Күндіз жел екпінді. Түнде -8…-10°C, күндіз +2…+4°C.

Қостанай: Бұлтты, қар, жаяу бұрқасын. Түнде -9…-11°C, күндіз -4…-6°C.

Қызылорда: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Көктайғақ. Түнде -9…-11°C, күндіз -2…-4°C.

Павлодар: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -28…-30°C, күндіз -10…-12°C.

Петропавл: Бұлтты, қар, жаяу бұрқасын. Түнде -21…-23°C, күндіз -8…-10°C.

Семей: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -26…-28°C, күндіз -10…-12°C.

Талдықорған: Ауыспалы бұлтты, күннің екінші жартысында жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде және таңертең кей уақытта тұман. Түнде -22…-24°C, күндіз -2…-4°C.

Тараз: Ауыспалы бұлтты, таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кей уақытта тұман, көктайғақ. Түнде -1…-3°C, күндіз +1…+3°C.

Түркістан: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Түнде 0…-2°C, күндіз +8…+10°C.

Орал: Бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман. Түнде -4…-6°C, күндіз 0…+2°C.

Өскемен: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -28…-30°C, күндіз -10…-12°C.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!