Қызылорда облысы Сырдария ауданында орналасқан «Нұр-сәби» бөбекжай балабақшасының тәрбиеленушілеріне Ләйлә Сұлтанқызы ойыншықтар сыйлады, деп хабарлайды Kazinform.
«Бәрі бәстесуден басталды. Астаналық мобилограф жігітпен 14 қыркүйек күні бәстестік. Бірақ есеп тең болып, Ерасыл бір оқырманға видео түсіруді үйретсе, мен оқырман тілегін орындайтын болдым.
Instagram-да “Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы «Нұр-сәби» бөбекжай бақшасының балаларына
Оңтүстікке форум аясында жол жүріп бара жатқан кезім еді. Бірден байланысқа шығып, бөбекжай туралы қосымша ақпараттар іздедім. Балаларға ойыншық көптік етпес, бір жаңартып қуантсақ деп, тосын сый жасап баруды жоспарладым», – дейді тележүргізуші.
Ол Қызылордадан көмектесуге ниет танытқан атымтай жомарт азаматтар көп болғанын атап өтті.
«Нейля Қонысқызы басқаратын “Қызылорда” оптомаркетінің демеуімен, кәсіпкер Әділет Байнашевпен бірге 500 000 теңге көлемінде 4 арба ойыншық таңдап, 16-қазанда Сырдарияға жолға шықтық», – Ләйлә Сұлтанқызы.
2007 жылы жұмысын бастаған «Нұр-сәби» бөбекжайында қазір 2 топта 45 бала тәрбиеленуде. 7 педагог, 13 техникалық қызметкер еңбек етеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!