Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде жел соғып, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақтауда тұман болады деп болжанып отыр.
Астана мен Қарағандыда 2 градус аяз болады.
Алматыда, Қонаевта және Талдықорғанда екпіні 15-20 м/с жел соғады деген болжам жасалды.
Жезқазған, Атырау қалаларында және Атырау облысында өрт қаупі жоғары болады.
Семей, Қарағанды, Ақтөбе және Ұлытау облыстарында үш градусқа дейін аяз және жоғары өрт қаупі күтіледі.
Тараз қаласында, Алматы, Жетісу, Абай, Маңғыстау және Жамбыл облыстарында найзағай, бұршақ, жел, тұман, шаңды дауыл және жоғары өрт қаупі болады деген болжам жасалды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!