Бұл дерт соңғы жылдары балалар арасында жиі кездеседі. Оның емі – әлемдегі ең қымбат Zolgensma препараты.
Абақтыда жатқан Мейіржан Төребаев қайырымды іс жасады. Ол желідегі парақшасында челлендж ұйымдастырып, науқас баланың еміне халықтан 2,3 млн теңге жинап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Рамир есімді бүлдіршін жұлын бұлшықет атрофиясы сирек кездесетін дертімен ауырады. Бұл дерт соңғы жылдары балалар арасында жиі кездеседі. Оның емі – әлемдегі ең қымбат Zolgensma препараты. Бүлдіршіннің ата-анасы осы уақытқа дейін 248 млн теңгеден аса қаражат жинап үлгерді. Әлі 700 млн теңгеден аса ақша қажет.
Бірер күн бұрын желіде челлендж ұйымдастырған Мейіржан Төребаев Рамирдің еміне 2,3 млн теңге жинап берді.
«Бейжай қарамай, қатысқандарыңыз үшін рахмет. Алла сіздерге, отбасыларыңызға мықты денсаулық берсін», – деп жазды Төребаев желідегі парақшасында.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!