Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы Төрткүл ауылында тұратын 1985-1986 жылғы туған түлектер мектеп бітіргендеріне 20 жыл толуына орай 4 баласы бар жалғызбасты әйелге үй салып берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Төрткүлдіктердің айтуынша, үйдің құрылысы екі ай көлемінде жүргізілген.

Баспананың құрылысы наурыз айында басталып, қазір жалғызбасты ана балаларымен үйге кірді. Бұл түлектердің сыйға тартқан екінші үйі екен.

Олар осы уақытқа дейін ауыл болып қаржы жинап, бір отбасыға үй сатып алып берген.

Ордабасы ауданында 10 ауыл округі, 57 елді мекен бар. Аудан халқының саны – 128 049 адам.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!