Фото: dzen.ru
Мемлекет басшысы Аустрияның Федералдық президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленді Аустрия Республикасының ұлттық күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы өз жеделхатында екі ел арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар бірлескен күш-жігер арқылы Қазақстан мен Аустрияның ықпалдастығы қос халықтың игілігі үшін беки түсетініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленге және Аустрия халқына құт-береке тіледі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!