Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Прабово Субиантоны Индонезия Республикасы тәуелсіздігінің 80 жылдық мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZINFORM.
– Мен Астана және Джакарта арасындағы өзара түсіністік пен ортақ құндылықтарға негізделген сенімді ынтымақтастықты жоғары бағалаймын. Осы орайда, өзіңізбен бірлесіп, екі елдің достық қарым-қатынасын одан әрі дамыта түсуге бар күш-жігерімді жұмылдыруға дайын екенімді мәлімдеймін, – деп жазылған жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия президентінің сындарлы саясаты мен көшбасшылық қасиеттерінің арқасында Индонезия Республикасы алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беретініне сенім білдірді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!