Қасым-Жомарт Тоқаев 18 ақпанда «Қазақмыс» корпорациясының Ұлытау облысындағы кенішінде тау массасының құлауы салдарынан қаза болған жұмысшылардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда ақпаратынша, Мемлекет басшысы Үкіметке төтенше жағдайдың мән-жайын мұқият тексеру жөнінде міндет жүктеді.

«Салалық ведомстволар мен өңір әкімдігіне марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсету туралы тапсырма берілді»,- делінген ақпаратта.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!