Нұрмұхамед Исманұлы Байғараев мемлекет басшысының жаңа баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мемлекет басшысының өкімімен жаңа қызметке тағайындалғандар туралы Ақорда мәлімдеді.

“Нұрмұхамед Исманұлы Байғараев Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды.

Айжан Болатқызы Шайназарова Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды”, – делінген хабарламада. 

Нұрмұхамед Байғараев бұған дейін мемлекет басшысының баспасөз хатшысының орынбасары қызметін атқарған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!