Қаржы мониторингі агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті шот-фактураларды заңсыз жазып беру фактілерінің жолын кесті.Тергеу барысында анықталғандай, Вильгельм Легин мен Сергей Рыжаков жалған тұлғаларға рәсімделген 13 компания құрған. Содан кейін материалдық пайда табу үшін 2019-2021 жыл аралығында осы компаниялардың атынан бірқатар заңды тұлғаға жалпы сомасы 6,5 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар жазып берген.»Легин мен Рыжаковтың қылмыстық әрекеттерінен мемлекетке төленбеген салық түрінде 2 млрд теңгеден астам сомаға залал келтірілді», – деп мәлімдеді агенттік.

Сот екеуін де кінәлі деп тауып, 2 жыл 9 айға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ Легиннен 13 млн теңге тәркілеу туралы үкім шығарды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!