фото: Ақорда

Қазақстан Президентінің атынан Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Таяу Шығыс елдерінен қазақстандықтарды эвакуациялау жұмысына қатысқан мемлекеттік органдар қызметкерлері мен авиация саласының өкілдеріне наградалар табыстады.

Мемлекеттік орган мен авиация саласының қызметкерлеріне награда табысталды

Еске салайық, биылғы ақпан айында Таяу Шығыс өңіріндегі әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан азаматтарын қайтару бойынша ауқымды жұмыс жедел ұйымдастырылды. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар өкілдерінен құрылған ведомствоаралық топ тиісті жұмыстарды қамтамасыз етті.

Мемлекеттік орган мен авиация саласының қызметкерлеріне награда табысталды

3–13 наурыз аралығында 66 рейс орындалып, еліміздің 10 275 азаматы Отанына қайтарылды. Тасымалдауды Air Astana, SCAT, FlyDubai және Air Arabia әуе компаниялары жүзеге асырды. Ұшулар Дубай, Шарджа, Жидда, Медина және Маскат қалаларынан Алматы, Астана, Атырау, Ақтау және Шымкент қалаларына бағытталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!