
«Кеше. Бүгін. Ертең» тақырыбында жас мемлекеттік қызметшілермен кездесу өтті.
Басты мақсат – ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру, мінсіз қызмет атқарып, қазіргі таңда құрметті еңбек демалысына шыққан ардагер тұлғалармен кездесу.
Шараға мемлекеттік қызметте егемен ел болып қалыптасқанға дейінгі жолды жүріп өткен ардагер Әбішов Сайлаубай қатысты.
Ашық сұхбат барысында мемлекеттік басқаруда мол тәжірбиеге ие ардагер жас мемлекеттік қызметшілер арасында оңтайлықарым-қатынас қалыптастыру, мемлекеттік басқару процестерін одан әрі дамыту, бірлесе жұмыс жүргізу тәжірибелерімен бөлісе келе, өзінің өмір жолын қағазға түсіргенін айтты. «Асыл қазынам – өмір сабағы» атты кітабын әдістемілік құрал ретінде пайдалануды ұсынды.
Кездесу соңында қатысушылар көкейіндегі сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!