Елдің әр азаматы үшін айтулы мереке – Республика күні. 1990 жылы қазан айының 25-і Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сол сәттен бастап тәуелсіз Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Бұл декларация – ел тәуелсіздігінің іргетасы.

Тәуелсіздікті қаншама қазақтың зиялы қауымы армандағаны және осы үшін қаншама ақын-жазушылар репрессияға ұшырағаны тарих беттерінде айқын көрініс табады. Бұл күн – ата-бабамыздың аңсаған арманы жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған ұлы күн.

Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі көркейе берсін! Татулық пен еркіндіктің бастауы болған салтанатты күн қарсаңында Қармақшы аудандық прокуратурасы оқырманға игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілейді. Елдің тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!

Қармақшы ауданының прокуратурасы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!