Facebook-тен басқа Instagram әлеуметтік желісі мен WhatsApp мессенджері бар Meta компаниясында бүкіл әлем бойынша 87 мыңға жуық адам жұмыс істейді.
Facebook әлеуметтік желісінің бас компаниясы Meta концерні өткен айда жаһандық экономикалық дағдарыс жағдайында нарықтық құны 80 миллиард долларға төмендегеннен кейін мыңдаған жұмыс орнын қысқартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Америкалық БАҚ хабарлауынша, алғашқы жұмыстан босату туралы сәрсенбіде хабарланады. Facebook-тен басқа Instagram әлеуметтік желісі мен WhatsApp мессенджері бар Meta компаниясында бүкіл әлем бойынша 87 мыңға жуық адам жұмыс істейді.
Ал танымал Apple компаниясының IPhone 14 Pro және 14 Promax сатып алушылары жаңа смартфондарын ұзақ күтуге мәжбүр болады. Apple бұл мәселе 300 мыңға жуық адам жұмыс істейтін қытайлық Чжэнчжоудағы Foxconn компаниясының кәсіпорнында енгізілген ковидтік шектеулерге байланысты екенін хабарлады. Қазан айының басынан бастап ол жақта ондаған COVID-19 жағдайлары анықталды. Бұған дейін қараша айының қорытындысы бойынша зауытта өндіріс 30%-ға қысқаруы мүмкін екені хабарланған болатын.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!