Бағбан Тайымбетов камера ұстаған тұрғынға кездесуді түсіруге болмайтынын ескерткен. Осыдан кейін ол тұрғынмен сөзге келіп қалады.
Желіде Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры Бағбан Тайымбетовтің халықпен кездесуі кезінде тұрғынға ұрысып жатқан видеосы тарады деп хабарлады turkystan.kz.
Бейнежазбаны Ербол Еділов Тelegram-дағы арнасында жариялады. Бағбан Тайымбетов камера ұстаған тұрғынға кездесуді түсіруге болмайтынын ескерткен. Осыдан кейін ол тұрғынмен сөзге келіп қалады.
«Мінезіңді қалтаңа салып қой, түсіндің бе? Шешілетін нәрсе шешіледі. Проблемаң бар ма, шеш заңмен. Ойнап жүр екенсің үндемегенге. …Сені қорқытып не қыламын? Керек едің сен маған», – дейді СҚО прокуроры.
Прокурор мәселесін шеше алмай жүргенін жеткізген тұрғынға «Мен сенімен емес, халықпен кездесуге келдім, бара бер» деген.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!