Семей қаласының тұрғындарымен болған кездесуде Білім министрі Асхат Аймағамбетов алдын ала дайындалған сұрақтар қоймауларын өтінді. Кездесу барысында министрден мектеп кезінде қандай үйірмеге қатысқаны жөнінде сұраған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұған жауап берген Асхат Аймағамбетов өзіне алдын ала дайындалған сұрақтарды қоймауды сұрады. Ол мұндай сұрақтардың болмауы тиіс екенін ескертті.

«Біз Жаңа Қазақстан дейміз ғой. Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Ол ең алдымен білім жүйесінен басталады. Бір-бірімізге алдын ала дайындалған сұрақтарды қойып отырғанымыз өте ұят. Мен сіздердің кез келген сұрақтарыңызға жауап беруге әзірмін. Нақты мәселеге байланысты сұрақтар бар ма? Әлбетте, бар. Осы сұрақтарды біз талқылап, шешуге тырысамыз. Материалдық-техникалық базаға қатысты, оқулықтар, оқу бағдарламалары, аттестация секілді мәселелер өте көп. Осы сұрақтарды жасырмай, бізге қойыңыздар, біздің келуіміздің басты мақсаты да осы – ашық әңгімелесу», – деді министр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!