Бір күн бұрын әлеуметтік желі қолданушылары 80 миллионға BMW автокөлігін сатып алған Ақерке Берлібайды қызу талқыға салған еді. Министрдің кеңесшісі “хейтерлерге” өз жауабын берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Politic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Дәлірек айтсақ, «министр кеңесшісі» 270 мың теңге жалақысына қарамастан салоннан  80 миллионға BMW автокөлігін сатып алған. Ақерке Берлібай хейтерлерді алаңдатқан бұл мәселеге өз жауабын берді. 

«BMW менің арманым болды. Оны қалай да сатып алу үшін бар ақшамды жинадым. 2020 жылғы көлікті Бавариядан жарты жыл бұрын сауда-саттық бағдарламасы бойынша қайталама нарықтан сатып алдым» – деді ол. 

Айтуынша, ол мемлекеттік қызметтен 2021 жылы кеткен. Қазір ол кәсіпкерлікпен айналысады. Ақерке Берлібай сол жылдан бастап жеке даму бойынша психологпен жұмыс істеген.

«Бар мәселе менің басымда» деп бекер айтпайды. Мен өзімдегі мәселелермен жұмыс істегеннен кейін жақсы нәтижеге қол жеткізе бастадым. Инстаграмда мені бақылайтындардың көпшілігі  қандай жұмыс жасап жүргенімді біледі», – деді Ақерке Берлібай.

Министрдің кеңесшісі қызметіне қатысты нақты жауабын берді.  

«Бейнеде «штаттан тыс кеңесші» деген сөз жоқ. Мен ол қызмет үшін жалақы мен басқа төлемдер алмаймын. Көбісі не үшін тегін жұмыс істеп жүр деп таңқалуы мүмкін. Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов студенттік кезден бері жақын досым. Сол себепті олар ұйымдастырған іс-шараға жиі қатысып тұрамын» – деді ол.

Айта кетейік, бір күн бұрын салоннан BMW көлігін сатып алған министрдің кеңесшісі Ақерке Берлібай туралы ақпарат қызу талқыға түскен еді. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!