Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Үкімет кулуарында өз үйінде интернет сапасы қандай екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің үйімде де интернет тұрақсыз болған. Бірақ кейінгі айда Kcell-дің байланыс сапасы жолға түсе бастады. Сондықтан да қазір Beeline-нан Kcell-ге ауыссам деп ойлап жүрмін», – деген министр үйінің елорданың қай ауданында орналасқанын айтты.

«Бұл Сол жағалауда, EXPO ауданының маңы», – деді ведомство басшысы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!