Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов қазақстандықтарды жер сілкінісі қаупіне байланысты үрейленбеуге шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша, ведомствоның аумақтық бөлімшелер мен техника төтенше жағдайға әрқашан дайын.

«Ведомствоаралық өзара іс-қимыл және аумақтық бөлімшелер мен құрылымдық бөлімшелерді тексерудің тиісті жоспары бар. Пысықтау кезінде төтенше жағдайға дайындық барысы тексеріледі», – деді Руслан Иманқұлов.

Сонымен қатар министрлік өкілі жер сілкінісі қаупі туралы болжамның рас екенін, бірақ дүрбелеңге жол бермеу керектігін айтты.

«Халыққа тиісті хабарды жеткізіп отырамыз», – дейді ведомство өкілі.

Одан бөлек, Руслан Иманқұлов жер сілкінісі қаупіне байланысты Алматы, Алматы және Жетісу облыстарының әкімдеріне ешқандай хат-хабардың жетпегенін айтты.

Айтуынша, оның қажеті де жоқ.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!