27 жастағы Шымкент тұрғыны полицейлерге қаладағы мектептердің біріне жұмысқа орналасуға көмектесуге уәде беріп, алайда бұл үшін 1 млн теңге сұраған алаяққа қатысты шағымданған, деп хабарлады turkystan.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
«Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 190-бабымен тіркелді. Криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 36 жастағы күдікті тұрғылықты жері бойынша ұсталды» делінген полиция мәліметінде.
Тексеру барысында күдікті әйелдің осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар екені анықталған. Ол тағы бір азаматшаны мемлекеттік бағдарламамен кезексіз пәтер мен бизнес-идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз грант алып беремін деп 1,5 миллион теңгеге сан соқтырған.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданатын болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!