Елімізде көлік салондарына бармай-ақ, автонесие рәсімдеуге болатынын білесіз бе? Қазақстандықтар үшін мұндай мүмкіндікті Freedom Bank сыйлап отыр. Енді отандастарымыз небәрі бір тәулікте өздері таңдаған көліктің иесі атана алады және ол үшін қағаз құжат жинап әуре-сарсаңға түсудің қажеті жоқ.

Цифрлық автонесиесінің ерекшеліктері

Атауы айтып тұрғандай, цифрлық автонесиені рәсімдеу үрдісінде құжаттарды өткізуден бастап, келісімшартқа қол қоюға дейінгі әрекеттердің барлығы онлайн түрде жүзеге асырылады. Тіпті, қажет болған жағдайда, өзіңіз ұнатқан көлік нөмірін таңдап, оның ақысын несие сомасына қосып, техникалық тіркеу куәлігімен бірге үйге алдыртуға болады. Ең маңыздысы, автонесие рәсімдегісі келген азаматтан ХҚО-ға барып, құжат жинап, оны банкке өткізу талап етілмейді. 

“Freedom Bank ұсынып отырған цифрлық автонесие өнімін біз ойлағандай деңгейде іске асыру Қазақстанның электронды үкіметі сервисімен бірлесуіміздің арқасында мүмкін болып отыр. Бұл несиені рәсімдеу – нағыз бірегей үрдіс деп ауыз толтырып айта аламын. Себебі бар-жоғы бір күннің ішінде, тіпті, әлем бойынша АҚШ пен Батыс елдерінің тұрғындары да қазақстандықтар секілді онлайн түрде көлікке қол жеткізе алмайды. Бұл мемлекеттерде міндетті түрде қағаз құжаттар жинап, әбігерге түсіп, көп уақыт жоғалтуыңызға тура келеді.

Қағазбастылықты жоюдың бірқатар артықшылықтары бар. Біріншіден, бұл жайт автонесиені арзандатуға сеп болады. Екіншіден, оның халық арасында қолжетімділігін арттырады”, – дейді Freedom Holding Corp. негізін қалаушысы және атқарушы директоры Тимур Турлов. 

Несие рәсімдеу үрдісінің толығымен қашықтан жүзеге асырылуынан бөлек, банк өнімінің тағы бір ерекшелігі – клиенттердің қарызды қалай өтейтінін өздері таңдай алуы. Яғни қарыз алайын деп жатқан азамат өзіне тиімді мөлшерлеме, мерзім мен ай сайынғы төлем сомасын сайттағы арнайы конструктордың көмегімен түзе алады. 

Автонесиені қалай рәсімдеуге болады? 

Автонесие алуға ниетті кез келген азамат банк сайтына кіріп, өтініш қалдыра алады. Ең ыңғайлысы, өтінішті компьютерден де, ұялы телефон арқылы да беруге болады. 

Цифрлық несиені рәсімдеу бес қадамнан тұрады:

  1. Өзіңізге ыңғайлы шарттарды түзіңіз. Ол үшін банк сайтында арнайы калькулятор бар.
  2. Жеке деректерді, атап айтсақ, телефон нөмірі мен ЖСН-ді енгізіңіз. Соңынан көрсетілген байланыс нөміріне растау коды келеді. Мұның барлығы банкке өтінішіңізді алдын ала мақұлдау үшін қажет.
  3. Көлікті бағалаудан өткізіңіз. Ол үшін автокөліктің мемлекеттік нөмірін көрсету қажет болады. Банк өз кезегінде автомобильді саралап, оның нарықтағы бағасын ұсынады.
  4. Көлікті өз атыңызға тіркеңіз. Бұл үшін көлікті сатушы тұлғаның жеке деректері мен телефон нөмірін енгізу керек. Әрекеттерді растау үшін оған растау коды жіберіледі. Көлікке қатысты салық, айыппұлдар мен басқа да төлемдерді осы кезеңде жүзеге асыру керек.
  5. Құжаттарды бекітіңіз. Бұл үшін ЭЦҚ талап етілмейді, барлық әрекеттер биометрия мен SMS-кодтың көмегімен жүзеге асырылады.  

Егер сұрақтар туындаған жағдайда қолданушылар 595 нөміріне қоңырау шалып, оператордың көмегіне жүгіне алады (қоңырау шалу тегін).

Автонесиенің шарттары 

Цифрлық автонесиенің көмегімен қолданыста болған көлікті 19% мөлшерлемемен (ЖТСМ 20,7%-дан бастап) жеті жылға дейін рәсімдеуге болады. Ең бастысы, несие аяқталған уақытқа дейін автомобильдің “жасы” Еуропа, АҚШ, Оңтүстік Корея мен Жапония елдері үшін 15 жылдан, ал ТМД мен Қытай үшін 3 жылдан аспауы қажет.

 Қарыздың ең ұзақ мерзімі – 84 айға (жеті жыл) дейін, несие сомасы 25 миллион теңгеге жетеді. 

Автонесиеге жасы 21 мен 63 аралығында кез келген қазақстандық өтініш білдіре алады. Қарыз алу үшін комиссия ұсталмайды. 

“Автонесиені толығымен цифрландыру үшін біз 10 мемлекеттік орган және ұйыммен күш жұмылдырдық. Соның арқасында 38 қызметті онлайн жүзеге асыру мүмкін болды. Несие алу үшін құжатты қағаз жүзінде шығару керек емес, банк қажеттілердің барлығына да цифрлық жолмен қол жеткізе алады. Цифрлық автонесие – расымен де бірегей өнім. Олай дейтін себебім, болашақта қарызды өтеп болған немесе мерзімінен бұрын өтеген азаматтар көлікті кепілден шығару үшін банкке келмейді. Мұның барлығы біздің тараптан автоматты түрде жүзеге асырылады”, – дейді Freedom Bank-тің басқарушы директоры Абылайхан Оспанов. 

Айта кетсек, цифрлық автонесие – Freedom Bank-тің алғашқы цифрлық өнімі емес. Бұған дейін банк «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасын толығымен цифрландырды. Бүгінгі таңда 160-тан аса құрылыс компанияларымен жұмыс істеп келеді. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!