Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Байқоңыр қаласының басшысы Константин Бусыгинмен кездесті, – деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы қаланы бірлесіп дамытудағы Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік органдары арасындағы қарым-қатынас жоғары деңгейде екенін атап өтті.

Кездесуде «Байқоңыр» ғарыш айлағының 70 жылдығын атап өту жоспары талқыланды. Облыс әкімдігі мерейтойға қатысты іс-шаралар жоспарын бірлесіп пысықтауда.

Бұдан бөлек, кездесуде Байқоңыр қаласындағы инфрақұрылымдық жобалар талқыланды. Атап айтқанда, қаланың Бас жоспары, қаланы дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасы аясындағы сумен жабдықтау, су бұру жүйелерін жаңғырту және бес тұрғын үйдің құрылыс барысы қаралды.

Өз кезегінде Байқоңыр қаласының басшысы бірлесіп атқарылатын жұмыстар одан әрі де жоспарға сәйкес іске асырылатынын айтты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!