«Әр ісін асқан жауапкершілікпен атқаратын құрылысшылар қауымының мерекесі аясында ел ағаларымен бірге бүгін аймақ халқының игілігіне арнап Неке сарайы, Өнер сарайы, Қан орталығының іргетасын қаладық. “Бәйтерек” шағын ауданында жаңа су жинағыш құрылғының құрылысын бастау рәсіміне қатыстық. Ал, Орталық алаңда жерлестеріммен бірге құрыш қолды құрылысшыларға ілтипат білдіріп, өз ісінің майталманы болған азаматтарды марапат төріне шығардық.Барша Сыр құрылысшыларын кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Еңбекқорлық пен адалдықты ту еткен баршаңызға бақ-береке, ырыс-несібе тілеймін!» – деп жазды облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!