Жаңақорған ауданына барған жұмыс сапарында аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Шалқия кен орнына барып, тау-кен байыту комбинатының жұмыс процесімен танысты. Алдымен өңір басшысы кәсіпорында қызмет атқаратын жұмысшылармен кездесіп, олардың көкейде жүрген мәселелерін тыңдады.

Әсіресе, айлық жалақыларын кезең-кезеңімен көтеру қажет екенін алға тартып, жұмысшыларының әлеуметтік қорғалуына ұдайы мән беруі тиіс деді.Кәсіпорынның бір ерекшелігі – өндірістік процессте жоғарғы деңгейде цифрлық технология қолдану арқылы қорғасын және мырыш концентраттарын шығарады. Нысан құрылысын жүргізу үшін сатып алу жұмыстары Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінің платформасында өткізілуде, нәтижесі қыркүйек айында айқындалады.

Одан әрі құрылыс жұмыстары басталмақ. Комбинат жылына 4 млн.тонна өнім өндіре алады. Бүгінде кен орнында 8,3 млн. тонна мырыш, 2 млн. тонна қорғасынның қоры бар. Айта кетейік, 2025 жылы фабрика іске қосылса, 1500-нан аса жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік тумақ.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!