«Топ пресс» ақпараттық порталында аймақтар дамуының белгілі бір критерийлерге сай болуына қарай әкімдер жұмысы бағаланып, тамызқыркүйек айларындағы топ-5 рейтингі жарияланды. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев үздік бестіктің ішінде төртінші орынға жайғасты.
Шілде айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында жергілікті атқарушы органдар жұмысының жаңа бағыты айқындалды. Президенттің облыс әкімдеріне айтқан сыны өте әділ әрі қисынды болды. Себебі әлеуметтік-экономикалық мәселелердің тұтас кешені бойынша тұрғындардың өтініші мен ұсыныстарының сипаты облыс басшылығына арнайы жолданып отырған. Үздік бес өңір басшылары рейтингін Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев бастап тұр. Қостанай облысының әкімі, тәжірибелі қайраткер Архимед Мұхамбетов тағы да екінші орында. Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев рейтингтегі үшінші орынды сақтап қалса, өткен айларда өңірде орын алған бірқатар жағымды жаңалықтар Қарағанды облысының әкімі Жәніс Қасымбектің үздік бестікті қорытындылауына мүмкіндік берген.
Сыр өңірінің үздік бестіктен түспеуінің сыры неде? Сарапшы мамандар өңірдегі ауыл шаруашылығы саласының дамуын, жаңа мектептердің, сондай-ақ спорт және балалар алаңдарының көптеп салынуын жоғары бағалап отыр. Сонымен қатар өңір басшысы облыс орталығында жаңа электр станциясын салуға инвестор тапты. «Өнер сарайы» мен «Неке сарайының» салынуы да облыс басшысының бастамасымен іске асырылуда. Шілде айында қызылордалықтарға 250 жаңа пәтердің кілті табысталғаны Нұрлыбек Нәлібаевтың облыс тұрғындары арасындағы рейтингіне оң әсер еткені сөзсіз.
Сарапшылар әкімнің Қызылордада жаңа ЖЭО салу туралы шартқа қол қоюын да жоғары бағалайды. 215 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінетін жылу электр орталығын түрік компаниясы салады. Өңірде автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары да белсенді жүргізілуде. Биыл 347 шақырым жол жөнделетін болса, сапасы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы республикалық маңызы бар автожолдардың көрсеткіші 82%-ға жеткізілуі тиіс. Айта кетейік, Сыр өңірі жалақы деңгейінің өсуі бойынша көшбасшылар қатарында – 31,3 процентке артты. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылмен салыстырғанда екінші жартыжылдықта көрсеткіш 24%-ға өскен. Биыл мектеп түлектеріне облыс әкімінің 100 білім гранты бөлінді. Тамыз айында әкімді Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаев жеке қабылдап, облыстың тұрақты әлеуметтікэкономикалық дамуын қамтамасыз етуді тапсырған еді.
Дина БӨКЕБАЙ
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!