ТАҒАЙЫНДАУ!
Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының бұйрығымен
«Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ директорының орынбасары лауазымына Ерекешова Жаныгүл Мұхитқызы тағайындалды.
Ерекешова Жаныгүл 1984 жылдың 25 тамыз күні Қызылорда облысы Арал ауданында дүниеге келген.
1991-1999 жылдары Арал ауданы Қарашалаң елді мекеніндегі №75 негізгі орта мектепті, 1999-2001 жылдары Арал қаласындағы № 220 орта мектепті аяқтаған. 2001-2005 жылдар аралығында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын
2005-2012 жылдар аралығында Арал ауданы Бөген елді мекені З.Шүкіров атындағы №20 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2012 жылдан бастап Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің оқытушысы, әдіскер, оқу-әдістемелік бөлім басшысы лауазымдарын атқарған.
Тіл орталығында еңбек еткен жылдары
Қарағанды облысы әкімдігі, Тілдерді дамыту басқармасының Алғыс хатымен (2020 ж.), Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хатымен (2021 ж.),
ҚР БҒМ Тіл саясаты комитетінің Құрмет грамотасымен (2021 ж.) марапатталған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!