Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетімен әріптестік байланыс орнатып, бұдан-былай техникалық мамандарды даярлауға өз үлесін қоспақ.

Биыл іргелі оқу орнында зетрханашы мамандығы бойынша білім алып жатқан 5 студент жол құрылысының сапасын қадағалайтын орталықта өндірістік тәжірибеден өтіп жатыр.

«Болашақ жас мамандар мұнда теориялық білімін жетілдіріп, білікті мамандардан зертханалық процестердің қыр-сырын меңгеретін болады. Сондай-ақ, шәкірттердің білім-біліктілігіне қарай мекеме тарапынан ақы төлеу мүмкіндігі қарастырылған. Яғни, студенттер өндірістік тәжірибеде жүріп-ақ, жалақы алып уақытша жұмыспен қамтылады. Ал университет бітірген соң көзге түскен жас мамандардыңжол саласына тұрақты қызметке қабылдануына да зор мүмкіндік бар», – деді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМКҚОФ зертхана меңгерушісі Мағжан Қасымхан.

Жалпы еліміз бойынша бүгінде жол саласында маман тапшы. Сол себепті, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК жергілікті Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетімен бірлесіп, жаңа буын жолшыларды қалыптастыруды көздейді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!