Туған жердің табиғаты мен тарихына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру мақсатында «Жастар рухы» Жастар қанатының бастамасымен іске қосылған «Вандализмге жол жоқ!» акциясы өңірімізде жалғасын табуда.
Тарихи ескерткіштерді сақтау, мәдени орындарда орын алған вандализм тәртіпсіздіктерін жою үшін рухтас белсенділер «Қорқыт ата» ескерткішіне тазалық жұмыстарын жүргізді. Ескерткіштегі жазуларды өшіріп, аумақтың қоқыстарын жинады.
Адамдардың демалуға келетін орындарында мұндай тәртіпсіздіктер жиілеп кетті. «Отан отбасынан басталады» десек, әрбір ата-ана өсіп келе жатқан баласына табиғатты қорғауды, оған зиян келтірмеуді үйретуі керек. Жастар арасында вандализм жасаған әрекеті үшін заң алдында жауапқа тартылатынын ақпараттандырып, экологиялық мәдениетті нығайту қажет, – деді қоғам белсенді Болатбек Айтбенбетов.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!