Өзбекстан мемлекеті, Ташкент облысының «Жастар істері агенттігі» мен Қазақстан Республикасы  «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалы арасында Жастар саясаты бойынша өзара ынтымақтастық келісімге қол қойылды.

Өзбекстанға сапар:  Жастар саясаты бойынша өзара ынтымақтастық келісімге қол қойылды

Келісімде халықаралық жастар саясатын дамыту, жастарға жаңа мүмкіндіктерді ашу, жұмыссыздықты азайту, жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту, жаңа кәсіп бастайтын азаматтарға көмек көрсету бағыттары көрсетілген.

Мемлекет басшымыз  Қ.К.Тоқаев қыркүйекте жолдаған жолдауында  маңызды стратегиялық міндетіттердің бірі Қазақстанды ІТ мемлекетке айналдыру керек екенін басты назарға алаған болатын. Осы орайда, екі ел жастары үшін «Цифрлық технология, цифрлық сауаттылық, IT» бағытын қарқынды түрде дамыту көзделуде, – деді «Жастар рухы» ЖҚ Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Ә.Баймұрза.

Сонымен қатар, Қазақстан делегациясы «Astrum» IT академиясында болып, ақпараттық технологиялар саласының мамандары және жастармен кездесіп пікір алмасты. «IT park Qyzylorda» және «Grand Master» бағдарламалау мектебінің директоры А.Қуанышбаев мұндай нысандарды  біздің өңірлерде де ұйымдастыру қажеттігін айтып, бұл бағыттағы бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетілетіп  бірлесе жұмыс жасайтындығын жеткізді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!