«Қазгидромет» РМК 3 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синпотиктердің болжамынша, еліміздің солтүстік пен орталық өңірлерінде – Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау облыстарында жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі, кей аумақтарда топырақ бетінде үсік байқалады. Күндіз ауа температурасы 15-23 градус шамасында болады.
Астана мен Көкшетауда жауын-шашынсыз, бірақ түнде салқын, күндіз +20…22°С.
Алматы, Жетісу облыстарында күн бұлтты, кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады. Алакөл маңында желдің екпіні 20-25 м/с-қа дейін, температура +21…23°С дейін жетеді.
Алматы мен Қонаев қалаларында жауын-шашынсыз, күндіз +23…25°С.
Оңтүстік өңірлерде – Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында жауын-шашынсыз. Бірақ күндіз жел күшейіп, шаңды дауыл болуы мүмкін. Күндіз +27…34°С-қа дейін ыстық күтіледі. Шымкент пен Түркістанда ауа температурасы +32…34°С.
Батыс өңірлерде – Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында күн ыстық болып, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Атырау мен Ақтөбеде күндіз +32…35°С, Маңғыстауда +30…34°С, ал Оралда жаңбырлы күн болып, +25…27°С шамасында болады.
Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында жаңбыр жауып, таулы аймақтарда түнде 0°С-қа дейін суытады. Күндіз ауа температурасы +12…18°С, Семей мен Өскеменде жаңбырлы, салқын ауа райы сақталады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!