Оқу-ағарту министрі лауазымындағы жаңа қызметіме байланысты Білім және ғылым министрі ретінде қызметімді аяқтаған соң атқарылған жұмыс туралы есеп беруді маңызды деп санаймын .Осы мақсатта барлық ғалым мен университет оқытушысына хат жазып, электронды пошталарына жолдадым. Хатта отандық жоғары білім мен ғылымды дамыту үшін бірлесіп қабылдаған маңызды шешімдер мен атқарылған іс-шараларды атап өтуге тырыстым. Қабылданған барлық нормативтік құқықтық акті, шешім және олардың себептері көрсетілген есептің толық нұсқасы жеке жарияланады.

* * *

Қадірлі ғалымдар мен университет оқытушылары!Сіздермен министр ретінде бірге жұмыс істеу мен үшін үлкен мәртебе, үлкен абырой болды. Соңғы 3 жыл мазмұнды, маңызды әрі күрделі уақыттың бірі болды. Біз осы жылдар ішінде қазақстандық ғылым мен жоғары білім беру жүйесін барынша тиімді және бәсекеге қабілетті ету үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасауға тырыстық.QS және Times Higher Education әлемдік рейтингтерінің соңғы нәтижелері де осыны дәлелдеп отыр. Биыл алғаш рет 16 университетіміз QS әлемдік рейтингіне енді және 2018 жылмен салыстырғанда бұл ЖОО-лардың саны екі есеге өсті. Сонымен қатар университеттердің рейтингтегі позициялары да айтарлықтай жақсара түсті.

Cондай-ақ Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізген сауалнамалар жұмыс берушілердің жоғары оқу орындарының түлектерінің біліктілігінің және оларды даярлау сапасының жоғарлағанын көрсетті.Осыған ұқсас нәтижелерді Scopus және Web of Science халықаралық ғылыми басылымдарында мақала жариялау белсенділігінің көрсеткіштерінен де көруге болады. Web of Science деректер қорында бір емес, одан да көп мақаласы жарияланған ғалымдардың саны 25%-ға өсті. Ал қазақстандық ғалымдардың Web of Science бірінші квартиліндегі мақалаларының жалпы саны 70%-ға артты. Ал 2021 жылы Scopus бірінші квартилінде жарияланған мақалалар саны 2019 жылмен салыстырғанда 76%-ға өсті. Сондай-ақ ғалымдарымыздың «қоқыс» журналдардағы мақалаларының санын 7 есеге дейін қысқарттық. Мұның бәрі қазақстандық ғылым әлеуеті сапасының артып келе жатқанының анық көрсеткіштері.Отандық ғылымның жоғары әлеуетінің тағы бір көрсеткіші – QazVac вакцинасы. Оны Білім және ғылым министрлігінің тікелей ұйымдастыруымен және қаржылай қолдауымен отандық ғалымдар әзірлеген болатын.Ғылыми қауымдастықпен, яғни өздеріңізбен бірлесіп, жоғары оқу орындары мен ғылыми салаларда қандай реформалар қажет екенін ашық талқылап, шешім қабылдадық.Әсіресе жас ғалымдарымызға ризашылығымды білдіргім келеді.

Ғылымды дамытуда өзінің стратегиялық көзқарасы бар тәжірибелі, өз ісіне адал мамандардың мықты тобы қалыптасты. Дәл осы жас ғалымдардан көптеген пайдалы ұсыныс алып, осы бірлескен жұмыстың арқасында бірқатар өзгеріс енгізе алдық.Қиын-қыстау кезеңде, пандемия мен карантин шектеулері енгізілген уақытта отандық ғылым мен жоғары білімді дамыту мақсатында бірлесе жұмыс істегенімізге қуаныштымын.

Сондай-ақ қиындықтарға қарамастан, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың осы салаларды қолдауының арқасында жылдар бойы қордаланып қалған көптеген жүйелі мәселенің де шешімі табылды.Өздеріңізбен бірлесіп атқарған жұмыстарға жеке тоқталып өтейін.1. Оқытушылар мен ғалымдардың жұмысы үшін қолайлы жағдайлар туралыЖОО оқытушылары бойыншаЖоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы көтерілді. Ол үшін Президенттің тапсырмасы бойынша 2021 жылы ПОҚ (профессорлық-оқытушылық құрам) жалақысының ең төменгі деңгейін белгілейтін бұйрыққа қол қойдым. Бұл бұйрық жалақыны бұрынғымен салыстырғанда көбейтуге мүмкіндік берді. Жоғары оқу орнына жаңадан келген оқытушыға 1 ставка үшін кемінде 200 мың теңге бекітілді. Ал профессордың жалақысының минималды деңгейі 350-400 мың теңге болды. Ал педагогикалық жүктеме деңгейі оқу жылына 680 сағаттан аспайтындай деңгейде бекіттік. Сондай-ақ университеттердегі шамадан тыс бюрократия мен тікелей міндетке жатпайтын біраз функцияларды алып тастадық.Сонымен бірге студенттер мен докторанттардың шәкіртақысы өсті. Яғни докторанттарға берілетін стипендия 3 жыл ішінде 82 мыңнан 200 мыңға жуық соммаға дейін өсті.

Сондай-ақ осы уақыт аралығында жоғары оқу орындарына түсуге берілетін гранттар саны да екі есеге дейін өсті.Ең бастысы, бағдарламалық құжаттар арқылы 2025 жылға дейін стипендияны, оқытушылардың жалақысын, студенттік гранттар санын және ғылымды қаржыландыруды ұлғайту үшін қаржыландыру мен міндеттемелерді алдын ала белгілеп қойдық.

Ел Президентінің тапсырмасы арқасында көтерілген грант құны университеттеріміздегі оқытушылардың жалақысын арттыруға мүмкіндік береді. Сәуір айында жоғары оқу орындарының ректорларына қосымша тапсырма бердік. Осы тапсырмаға сәйкес 2022 жылдың қыркүйегінен бастап университеттеріміздегі оқытушылардың жалақысы тағы да көтерілуі керек, ол үшін қаражат бар.Ғылыми қызметкерлер бойыншаПрезиденттің тапсырмасы бойынша ғалымдардың жалақысын базалық қаржыландыруға енгіздік. Бұл ғылыми гранттар конкурстарынан қаржы алса да, ғылыммен айналысуға мүмкіндік береді.

Бұрын институттарды негізгі қаржыландыруға тек әкімшілік қызметкерлердің жалақысы мен коммуналдық шығындары кіретін. Яғни ғалымдарымыз тек конкурстар арқылы ғана жалақы алып, процедуралар аяқталғанға дейін жалақысыз демалысқа шығуға мәжбүр болатын. Енді бұдан былай 1 200-ге жуық жетекші ғалым гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурстарының нәтижесіне қарамастан тұрақты жалақы алады.Біз іргелі зерттеулер жүргізетін ғылыми-зерттеу институттарын қаржыландырудың жаңа тәсілін енгіздік. Бұл мәселені ғалымдар он жылдан астам уақыт бойы көтеріп келген еді.

Енді 1000-нан астам ғалым тұрақты жалақы алатын болды.Көптеген ғылыми қызметкердің бір конкурстан соң, екіншісін күтуге мәжбүр болғаны да жасырын емес. Дегенмен араларында жұмыстан шығып кететіндері де болды, себебі институттар үздіксіз зерттеулер жүргізбейтін. Әсіресе, тарих, қазақ тілі, археология, философия және т.б. институттардың жағдайы қиын болды. Енді бұл институттарда жұмыс істейтін кем дегенде 1000-нан астам ғалым тұрақты жалақы алады, яғни үздіксіз ғылыми зерттеулер жүргізеді.2. Грант алу мүмкіндіктері көбейдіҒалымның нәтижелі жұмыс істеуі және жеткілікті қаржыландырылуы үшін жаңа және бастысы әр түрлі гранттар енгіздік:

1. Шағын және жеке гранттар.

2. Жас ғалымдарға арналған гранттар.

3. Халықаралық ынтымақтастыққа арналған гранттар.

4. Дәстүрлі түрде іске асыру мерзімі бар гранттар.Сондай-ақ грант конкурстарын өткізудің жиілігін арттырдық. Гранттық қаржыландыру бойынша конкурстар бұрынғыдай 3 жылда 1 рет емес, енді жыл сайын өткізілетін болды.

Бұл біреудің есінде болса, біреудің есінде жоқ шығар, бірақ 2019 жылға дейін ғалымдарда үш жылда бір рет қана қаржы алу мүмкіндігі болатын. Әрине, бәсеке жоғары болды.

Егер грант алсаңыз, келесі үш жыл бойы жұмыс істейсіз, егер ала алмасаңыз, онда отбасыңызды асыраудың және өз ісіңізбен айналысудың басқа жолын іздеу қажет болды. Ғалымдарымыз үшін осындай тиімсіз жүйе болды. Сол себепті олардың кейбірі ғылымды тастап кетіп жатты. Оны өзгерттік.Қажетсіз бюрократия да айтарлықтай қысқарды. Мысалы, конкурстарды өткізу мерзімдері екі есеге дейін қысқарды және грант алушылар оларды жүзеге асыру процесінде гранттарды басқаруда көбірек дербестікке ие болды. Ғылыми зерттеулерді мемлекет есебінен қаржыландыру және жүргізу мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін ұлғайтылды.Одан бөлек, докторантурада оқитын студенттер үшін арнайы гранттар енгіздік. Енді жыл сайын 1000 жас ғалым грант алып, 3 жыл ғылыми зерттеулер жүргізіп, айына тұрақты түрде 500 мың теңге жалақы алады. Бұл жоба жас ғалымдардың ғылымда өз орнын тауып, мол тәжірибе жинақтауына мүмкіндік беретіні сөзсіз.

Жас ғалымдарды қолдау үшін бөлек гранттар байқауын енгіздік. Соның нәтижесінде жас ғалымдар 16 миллиард теңгеден астам сомаға олар түрлі жобаларды жүзеге асырып жатыр.Ғалымдарымыздың әлеуетін дамыту үшін әлемдік ғылыми орталықтарда ғалымдардың тағылымдамадан өтуі мен біліктілігін арттырудың бірегей жобасын да қолға алдық. «Болашақ» бағдарламасына ұқсас жаңа жоба бойынша жыл сайын 500 ғалым бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, біліктілігін арттыру және зерттеу жұмыстарына қажетті құрал-жабдықтар алу үшін шетелдік орталықтарға барады. Қазірдің өзінде ғалымдарымыз шетелдік ғылыми зертханалар мен университеттерде жұмыс істеп, оқып жатыр.

3. Жоғары білім мен ғылымдағы ашықтықҰлттық ғылыми кеңестер жұмысының ашықтығы қамтамасыз етілді.

Ашық дауыс беру, онлайн-трансляциялар мен отырыстарды бейнежазбаға түсіру шешім қабылдау процестерін барлығына ашық және қолжетімді еттік. ҰҒК құрамы айтарлықтай жаңартылып, оларға деген сенім деңгейі де арта түсті.Сарапшыларға қойылатын талаптар да күшейтілді, ғалымдарға өтініштерді үш күн ішінде пысықтау құқығы беріліп, сараптаманың шекті балы 21-ден 25-ке дейін көтерілді. Сондай-ақ сараптама базасы жаңартылды. Сонымен қатар академиялық адалдық пен ғылыми этика мәселелеріне көп көңіл бөлініп отыр.Нәтижесінде сыбайлас жемқорлық әлеуеті айтарлықтай төмендеді, ғалымдардың гранттар беру шешімдеріне қатысты шағымдары да азайды.Онымен қоса Сапаны қамтамасыз ету комитетінің (КОКСОН) ғылыми журналдарының жұмысын толығымен қайта іске қостық. Мақалаларды онлайн тіркеу, жабық рецензиялау сияқты талаптар енгізілді, редакциялық алқа құрамына Хирша индексі немесе Web of Science және Scopus-те жарияланымдары бар ғалымдар тартылады; Лицензиялық қарыз алуды тексеру жүйелері қолданылады және басқа да көптеген халықаралық талап енгізілді, енді қазақстандық журналдар өздерінің жарияланымдарының сапасын жақсартып, есеп беруге міндетті болады.Сонымен бірге үш жыл ішінде 60 диссертациялық кеңес жабылды. Бұл көптеген университет басшыларына ұнамаған да болар, бірақ бұл қажетті шара болды, өйткені біз мұндай шешімдерді қабылдау кезінде сапаны бірінші орынға қоямыз.Кеңестердің жұмысына жаңа талаптар енгізілді. Бұдан былай кеңес мүшелерінің жартысы диссертация тақырыбына байланысты тағайындалады, диссертация қорғау сәті интернетте тікелей эфирде көрсетіліп, оның мәтіні бәріне қолжетімді болатындай жерде жарияланады. Ал университеттерге диссертацияларды мемлекеттік тілге аударуын қамтамасыз ету міндетін жүктедік.Докторанттардың диссертацияларында академиялық және ғылыми этиканы сақтау принциптерін шегелеп тұрып бекіттік. Сонымен бірге академиялық адалдық ұғымын да кеңейттік.Докторанттардың жарияланымдарына қатысты альтернативтілік принципі енгізілді.

Жалпы басылымдар саны 7-ден 4-ке дейін қысқартылды, мақалалар рейтингі жоғары журналдарда жарияланған жағдайда докторанттың қорғауына бір-екі мақала жеткілікті болады. 2021 жылдан бастап докторанттарға Q1-Q2 WoS журналдарында екі мақаласы және бір рецензиясы болған жағдайда диссертация жазбай-ақ оны қорғау мүмкіндігі берілді, олардың бірінде докторант бірінші автор немесе корреспонденцияға арналған автор болуы тиіс.Ұлттық бірыңғай тестілеу цифрлық форматқа ауыстырылды. Бұл емтиханның ашықтығын қамтамасыз етудің бірден бір тәсілі. Мысалы, 2019 жылы 117 мың талапкерден 128 мың тыйым салынған зат табылып, 24 адам ҰБТ-дан шығарылса, 2022 жылы ҰБТ тапсырған 280 мыңнан астам талапкерден 700 ғана тыйым салынған зат табылып, нәтижесінде 700 талапкердің барлығы ҰБТ-дан шеттетілді. Бақылау мен емтиханның ашықтығын қамтамасыз етудің нәтидесінде ҰБТ-ның орташа балы 20 балға дейін азайды. Қалай болса да, бұл енді объективті көрсеткіш.Сондай-ақ біз магистратура мен докторантураға түсу үшін тапсыратын емтихандарды орталықтандырып, цифрландырдық. Осының арқасында жоғары оқу орнынан кейінгі білімге іріктеуде объективтілік қамтамасыз етілді. «Ректорлардың тізімдері» жойылды, енді жоғары оқу орындары ғылыми дәреже немесе стипендия алып қана қоймай, зерттеу жүргізгісі келетін докторанттарды қабылдауы керек.

4. Жұмыс пен шығармашылыққа көбірек академиялық еркіндік беруАкадемиялық еркіндік білім сапасының қозғаушы күші екенін әрдайым айтып келемін. Соңғы үш жыл ішінде бұл бағыт бойынша да біраз жұмыс атқарылды.Университеттер өздерінің білім беру бағдарламаларын әзірлеу үшін бірқатар құзыретке ие болды. IT, журналистика және т.б. тез дамып келе жатқан мамандықтарға көбірек академиялық еркіндік бердік. Тәжірибешіл мамандар мен толық емес жұмыс күнімен жұмыс істейтін қызметкерлерді тартуға мүмкіндік беру үшін ғылыми дәрежелердің міндетті болуына және оқытушылардың штат санына қойылатын талаптарды қысқарттық, университеттердің кемінде 3 корпусының немесе мың студент контингентінің болуы сияқты көрсеткіштерді алып тастадық. Онымен қоса тексеру шараларының көрсеткіштері 2 есеге дейін төмендеді.Университеттерге, дәлірек айтқанда, оқытушыларға көбірек еркіндік беретін жаңа мемлекеттік білім беру стандарты әзірленді. Бұл әрбір оқытушыға студенттердің болашақта еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына көмектесетін білім беру мазмұнын жасауға мүмкіндік береді.

Есеп берудің формасы қысқарды.

Бакалавриатта оқудың жалпы ұзақтығы алынып тасталды. Енді 240 ECTS кредитін меңгерген жағдайда оқуды қысқа мерзімде аяқтауға мүмкіндік беріліп отыр.ЖОО-лардың өз үлгісінде диплом беруі мамандарды даярлау сапасына жауапкершілігін арттыру үшін жасалған үлкен қадам болды. Жалған дипломнан қорғау үшін қол қою талаптары енгізілді. Бұдан былай әрбір жұмыс беруші QR технологиясын қолдана отырып, дипломның түпнұсқасы мен шынайылығын тексере алады.

ЖОО-лардың білім беру бағдарламасының тізіміне 15 мыңнан астам бағдарлама енгізілді, оның 7 мыңы жаңа.Мықты университеттерді тексеруден босату туралы бұйрық дайындалды.

Жұмыс берушілер рейтингінде 1-3 орындарды иеленген университеттер және жоғары әлемдік рейтингке енген университеттер жоспарлы тексерулерден босатылады.5. Жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының инфрақұрылымдық жағдайын жақсарту Жоғары оқу орындары КЕАҚ формасына көшірілді. Бұл түскен табысты мемлекеттік бюджетке жібермей, университетті дамыту үшін бағыттауға мүмкіндік береді.Корпоративтік басқару – университеттерді дамытудың өте перспективалы құралы. Әрине, бұл реформа барлық ректордың көңілінен шықты деп айту қиын, өйткені енді университет бюджетін тек ректор бір өзі ғана бақылап, басқара алмайды. Директорлар кеңесі мен ЖОО басқармалары ректор өз позициясын қорғай алатын алқалы органдар ретінде әрекет етеді. Директорлар кеңесіне азаматтық қоғам өкілдерінің көптеп тартылғаны да өте маңызды.Енді ұлттық жоғары оқу орындары ғана емес, барлық университеттің ректорлары жыл сайын қол жеткізген академиялық көрсеткіштер жайында ғана емес, бюджеттің атқарылуы туралы да халық алдында есеп беруге тиіс.20 жоғары оқу орны «Академиялық шеберлік орталықтары» жобасына енді. Оларға 2025 жылға дейін материалдық-техникалық базаны нығайтуға 80 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінді.

ЖОО-ларда мемлекет пен оқытушылар, студенттердің мүддесін қорғау үшін заңнамалық деңгейде оларды иеліктен шығаруға немесе тіпті олардың үлесіне қатысуға тыйым салу туралы арнайы норма енгізілді.

Яғни енді мемлекеттік жоғары оқу орындары сатылмайды. Олар тек мемлекет меншігінде болады.2020 жылдан бастап алғаш рет ғылыми ұйымның материалдық-техникалық жабдықталуына арнайы бағдарлама ашылып, қаражат бөлінді. Нәтижесінде ғылыми ұйымдар соңғы жылдары әлемдік өндірушілердің заманауи жабдықтарын сатып алды.6. Сапасы төмен университеттерді жабуАкадемиялық дербестікті кеңейтумен қатар, жауапкершілігі төмен университеттерді жауып, сапаны қамтамасыз ете алмайтын ЖОО-ларды қайта бейіндеу бойынша күрделі жұмыстар жүргіздік.Нәтижесінде 15 ЖОО жабылды. Бұдан бөлек, қосымша 6 оқу орнын жабуға қатысты шешімімізге шағым беріліп, ол сотта қаралып жатыр. Оның жалпы саны 21-ге жетіп отыр. Жабылған университеттердің 100 мыңнан астам студентін оқуын жалғастыру үшін басқа ЖОО-ларға ауыстырдық. 66 университеттің әлсіз білім беру бағдарламалары бойынша 505 лицензияны кері қайтарып алдық. Сонымен бірге оқытудың әлсіз бағыттары бойынша лицензияларды қайтарып алу бойынша тағы 4 ЖОО-мен сот процестері жүріп жатыр.Педагогикалық бағыттар бойынша жоғары оқу орындарының саны (85-тен 50-ге дейін) қысқарды. Енді оқытудың тиісті сапасын қамтамасыз ететіндер ғана болашақ мұғалімдерді дайындай алады.

Заңгерлерді даярлайтын университеттердің саны 72-ден 61-ге дейін қысқарды.Алдағы уақытта ЖОО-ларға берілетін лицензиялар мерзімсіз болмайды. Олар 5 жылға беріледі, ал оларды қайта ресімдеу автоматты түрде емес, енді біліктілік талаптарына сәйкес болған жағдайда ғана жүргізіледі.Көп ұзамай «Жоғары мектеп» лексиконынан «диплом фабрикалары» немесе «шаңсорғыш оқу орындары» сияқты терминдер мәңгіге жоғалатынына сенімім мол.Кадр саясаты ерекше маңызға ие. Жоғары білім беру саласын басқаратын ректорлар деңгейінде ұрпақ алмасу процесі болды. Жоғары оқу орындарының басшылығына беделі мінсіз, ғылыми бэкграунд, шетелдік тәжірибесі бар, кәсіби шеберлігі жоғары мамандар конкурс арқылы тартылды. Сонымен қатар жоғары оқу орындарын басқару жүйесіне проректор ретінде 25-тен астам жас және болашағынан зор үміт күтуге болатын мамандар шақырылды. Олар жоғары білім беру жүйесінің кадрлық резервіне кірді.Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің қызметі аясында көптеген түйткілді мәселе шешімін тапты.Бұл жайында тағы жалғастыра беруге болады. Бірақ мен ғылым мен жоғары білім жүйесі үшін ең маңызды, басты реформаларды атап өтуге тырыстым.

Осы оң өзгерістің барлығы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қамқорлығы мен тікелей тапсырмаларының арқасында іске асырылды.Осы өзгерістің бәрін жүзеге асыруға көмектескен әріптестерімді, бұрынғы вице-министр М.Дәуленов, Сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Г. Көбенова, Ғылым комитетінің бұрынғы төрағасы Ж.Құрманғалиева, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің бұрынғы басшысы Ә. Тойбаев және осы құрыламдарда жұмыс істеген және жұмыс істеп жүрген барлық әріптесімді атап өткім келеді.Құрметті оқытушылар мен ғалымдар!

Сіздер қазақстандық ғылым мен жоғары білімді дамыту үшін үлкен жұмыс атқардыңыздар. Бүгінгі таңда жас оқытушылар мен ғалымдардың тұтас бір тобы жаңашылдықтар енгізіп жатыр, сондай-ақ жаңа шешімдер іздеп, білім беру мен зерттеулердің сапасын арттыру бойынша жұмыс істеп жатыр. Ең маңыздысы да осы деп ойлаймын. Елімізде осындай дарынды педагогтер мен ғалымдар барда отанымыздың болашағы зор болатынына кәміл сенемін.Құрметті әріптестер!Жазғы маусымды ойдағыдай өткізулеріңізге тілектеспін. Жаңа оқу жылына күш-қуат жинап, жайдары көңіл-күймен ораласыздар деп сенемін.Әрдайым еңбектеріңіз еленіп, дарынды және білімге құштар студенттеріңіз көбейе берсін!

2019-2022 ж. ҚР Білім және ғылым министрі, 11.06.2022 ж. бастап ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!