Әлеуметтік желілерде қазақстандық педагогтер мен оқушыларға арналған түрлі ақылы семинарлар, тренингтер мен олимпиадаларды жарнамалайтын аккаунттар кездеседі. Оларды өткізу министрлікпен келісілген және сертификатталған екен. Бұл олай емес.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі мұндай халықаралық олимпиадалар мен семинарлар туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

– Оқу жылы басталғалы жеке тұлғалар немесе ұйымдар мұғалімдерді, оқушыларды және олардың ата-аналарын ақылы негізде түрлі конкурстарға қатысуға тартуға тырысуда. Оқу-ағарту министрлігінде ұсынылған олимпиадалардың тізімі бар екенін атап өтемін. Осы тізбеге кірмейтін конкурстарға қатысу нәтижелері аттестаттау, жұмысқа қабылдау және т.б. жағдайда ескерілмейді, сондай-ақ жеке тұлғалар ақылы негізде түрлі энциклопедияларға енгізу, марапаттар, медальдар мен құрметті атақтар ұсынады. Бұл ретте Оқу-ағарту министрлігімен жасалған түрлі меморандумдар мен келісімдерге сілтеме жасалады. Бұл ақпарат жалған. Күмәнді ақылы конкурстарға, олимпиадаларға және сол сияқты іс-шараларға қатыспауға кеңес береміз, – деді Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!