Қызылорда өңірінде ІТ жастарды бір алаңға біріктіретін ерекше форматтағы Pecha Kucha Kyzylorda шарасы биыл 4 рет өткізілді. Мұнда барлығы 1000-ға жуық жас ортақ идеялар үшін бірікті.
«Pecha Kucha» арқылы цифрлық әлеуетке ие жастар IT бағыттағы күрделі технологияларды қарапайым түрде қолдануды түсіндіріп, өз тәжірибесі негізінде кейстермен бөлісіп келеді.
Биылғы кездесу жасанды интеллект мүмкіндіктеріне арналды. Шарада 7 спикер 20Х20 форматында «Қаржы саласындағы жасанды интеллект», «Digital video engineering құпиялары», «Цифрлық із», «Медиагигиена» және нейрожүйелерге арналған жаңа жобалар туралы кеңірек ой қозғап, өз өнімдерін таныстырды.
Қызылорда облысы әкімі аппаратының цифрлық технологиялар бөлімінің басшысы Сәбит Ибадулла мұндай шара жастардың ІТ салаға деген қызығушылығын жылдан-жылға арттырғанын атап өтіп, жасанды интеллект бағытында жаңа жобалардың өмірге келуіне жол ашты дейді.
Бір қуантарлығы, жастар жасанды интеллектке негізделген жобаларды еркін пайдаланып, өз өнімдерін шығара бастады. Мәселен, Оралбек Абдуллаев есімді жас маман бағдарламалау тілін меңгерудің арқасында сұранысқа ие маманға айналып отыр.
Кездесу кешінде ол жасанды интеллект арқылы мәтін мен суретті жаңа деңгейде графикалайтын, кез келген тілде дыбыстап, монтаждай алатын жобаларды таныстырды.
Айта кетейік, жақында жастардың ІТ идеяларын қолдайтын Innofest шарасы өткізілмек.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!