kazbilim.kz

Бұл туралы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының баспасөз қызметі мәлім етті.

Еліміздің кейбір аймақтарында «педагог-шебер» санатына аттестаттаудан өту үшін Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА-ның Ғылыми кеңесі отырыстарының жалған хаттамаларын қолдану фактілері анықталды.

«ОСЫҒАН ОРАЙ, ПЕДАГОГТЕРДІҢ АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚТАР/КАБИНЕТТЕР БАЗАСЫНДА ҚҰРЫЛАТЫН САРАПТАМАЛЫҚ КЕҢЕСТЕ ҒАНА ҚАРАЛАТЫНЫН ХАБАРЛАЙМЫЗ.

ОБЛЫСТЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚТАР/КАБИНЕТТЕРДЕН ОҢ ҚОРЫТЫНДЫ АЛҒАН ЖҰМЫСТАР ОДАН ӘРІ Ы. АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСКЕ ҰСЫНЫЛАДЫ.

СОНЫМЕН ҚАТАР, ҚҰЖАТТАРДЫ ҚОЛДАН ЖАСАУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ӘКЕП СОҚТЫРАТЫНЫН ЕСКЕ САЛАМЫЗ, ОСЫҒАН БАЙЛАНЫСТЫ АКАДЕМИЯ ЖАЛҒАН ҚҰЖАТТАРДЫ ӘЗІРЛЕУШІЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢДЫ ІС-ӘРЕКЕТТЕР ҚАБЫЛДАЙДЫ.

АКАДЕМИЯ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТҮПНҰСҚАЛЫҒЫН НАҚТЫЛАУ ҮШІН МЫНА ТЕЛЕФОН БОЙЫНША ХАБАРЛАСУЫҢЫЗДЫ СҰРАЙМЫЗ: 72 58 83»,- ДЕЛІНГЕН АКАДЕМИЯНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫНДА.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!