KAZINFORM – Бүгін Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.
Осыған орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мемориалды-мұражай кешеніне барып, гүл шоғын қойды.
Мемлекет басшысы боздақтардың рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алды.

Айта кетелік қуғын-сүргінге ұшыраған қазақтың ерекшелігі — жан санының 40 пайызынан айырылуы, ұлттың бетке ұстар тұлғаларының қуғындалуы. Қанқұйлы заманда Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Тұрар Рысқұлов, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Санжар Асфендияров, Халел Досмұханбетов секілді қайраткерлер оққа ұшты. Саяси ғылымдар докторы, алаштанушы Әбдіжәлел Бәкірдің пікірінше, Кеңес үкіметіне зиялыларды абақтыға тоғыту қиынға соқпаған. Кез келген пікір мен ұстанымнан қылмыс көріп, еркін ойлы азаматтарды жаншуға тырысты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!