Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғаринді қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президентке еліміздің сауда саласының былтырғы даму қорытындысы, Үкіметтің бағаны тұрақтандыру және қазақстандықтарды отандық азық-түлікпен толық қамтамасыз ету жөніндегі шаралары туралы баяндалды, сондай-ақ ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты ұсыныс берілді, делінген Ақорда хабарламасында.

Серік Жұманғариннің айтуынша, 2022 жылы Қазақстандағы тауар айналымының жалпы көлемі – 134,4 миллиард долларға жеткен. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 32,1 пайызға көп. Қызмет көрсету саудасы 26,3 пайызға өсіп, 12,3 миллиард долларды құрады. Қазақстанның барлық негізгі сауда серіктесімен өзара тауар айналымында өсім байқалады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!