Фото: Kazinform
KAZINFORM — ҚР Қылмыстық кодексіне және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне толықтырулар енгізіледі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
— Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, — делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!