Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Тоқаев 2 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдау жасайды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды.

  • Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам өкілдері және еңбек ұжымдары қатысады.
  • Президент Жолдауында еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелер қамтылады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!