Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жиын барысында мемлекет басшысы сөз сөйлеп, құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын ортаға салады.

2022 жылы президент бастамасымен құрылған Ұлттық құрылтай қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтатын маңызды диалог алаңына айналды. Құрылтай дәстүрінің қайта жаңғыруы халықтың ортақ мүддесін біріктіріп, ел үшін маңызды мәселелерді шешуге бағытталған.

Еске сала кетсек, 2022 жылы 16 маусымда жаңадан құрылған Ұлытау облысында Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы өтті. 

Ал 2023 жылы Түркістанда өткен екінші отырыс «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тақырыбына арналды. Ұлттық құрылтайдың үшінші жиыны Атырауда, тарихи маңызы зор көне Сарайшық қаласы маңында өтті. 

Құрылтайды осындай тарихи орындарда өткізу – ұлт тарихына деген ерекше құрметтің белгісі.

Бүгін ұлттық құрылтай жер шоқтығы Бурабайда өтеді. Пленарлық отырыс санаулы сәттерден соң басталады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!