Бұған дейін күдіктіні қамау мерзімі бір айға ұзартылған болатын.
Алматы қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергенді қамау мерзімі тағы екі айға ұзартылды.
Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті.
«16 тамыз күні Алматы қалалық тергеу сотының қаулысымен күдіктіні қамауда ұстау мерзімі екі айға ұзартылды. Қамау мерзімі – 2022 жылдың 21 қазанына дейін», – деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметінен.
Бұған дейін күдіктіні қамау мерзімі бір айға ұзартылған болатын.
Еске салсақ, Қайрат Құдайбергеннің ұсталғаны туралы ақпарат 22 сәуірде пайда болған еді. Кейін ҚР Бас прокуратурасы Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген қаңтар оқиғасының ісі бойынша ұсталғанын растады. Қайрат Құдайбергеннің Дикий Арманмен бірге адам жинауды ұйымдастырғаны айтылды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!