Ел біріншілігінің 17 турында қызылордалық «Қайсар» «Астана жасты» қабылдап, 3-0 есебімен айқын жеңді.
Алаң иелері сапынан алғаш болып Руслан Сахалбаев есеп ашса, Кирилл Сидоренко Амаль Сеитовтың пасын ұтымды пайдаланып, есепті еселеді. Ойынның екінші жартысында Жоау Педро Оливейра ұрымтал сәтте гол соғып, ойынның нүктесін қойды. Қорытынды есеп 3-0!
Енді Әбілдаев шәкірттері 31 тамызда шымкенттік «Ордабасыны» қабылдайды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!