Белгілі жаттықтырушы, халықаралық деңгейдегі төреші Акмалхан Холматов «Қайсар» футбол орталығының жетекшісі қызметіне тағайындалды.
Акмалхан Бекмұратұлы 1968 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген. Кәсіби футболшы. 1986-1996 жылдары «Қайсар» және «Ордабасы Скиф» командаларында доп тепкен. Кәсіби мансабын аяқтаған соң бапкерлік қызметке ден қояды.
Мамандандырылған балалар мектебінде аға жаттықтырушы қызметін атқарған. 1999-2016 жылдары төрешілік қызметке бет бұрып, Қазақстан премьер-лигасында қызмет көрсетті. 4 мәрте еліміздің ең үздік төрешісі атанған. Сонымен қатар Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының төрешілер департаментінің басшысы қызметін атқарды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!