Қала әкімінің өкімімен Тұрсынбаев Дархан Есалыұлы қала әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Дархан Есалыұлы 1975 жылы Жаңақорған ауданында дүниеге келген.

Білімі жоғары.1996 жылы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін заңгер, 2009 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін қаржы мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолын 1996-1997 ж.ж «Қыркеңсе» шаруашылық серіктестігінің экономика бөлімінде маман болып бастаған.2000-2016 ж.ж прокуратура және сот саласында басшылық қызметтерді атқарған;2016-2017 ж.ж Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қалалық сотының судьясы;2019-2020 ж.ж Маңғыстау облысының басқарма басшысының орынбасары;2020 жылдан бастап осы кезге дейін Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.Дархан Есалыұлы экономика және қаржы, мәдениет, спорт және әлеуметтік салаға жетекшілік ететін болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!