Ертең Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Алтын дән – 2022» салтанатты шарасы өткізіледі.
Қамбаны астыққа толтырған еңбек озаттарын облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев марапаттайды. Салтанатты шара 14 қазан күні сағат 14:00-де Нартай Бекежанов атындағы драма театрында өтеді.Айта кету қажет, «Алтын дән-2022» шарасы Қызылорда қаласының мерейтойына тұспа-тұс келіп отыр.Бұл ретте, Қызылорда қаласының әкімдігінің ұйымдастыруымен 14 қазан күні сағат 18:00-де орталық стадионда «Бірлік пен бақыт арнасы, қазақтың Қызылордасы» атты мерекелік гала-концерт өткізіледі.
Ал, 15 қазан күні Қызылорда қаласы мен барлық аудандардың қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады.Ала жаздай ризық-несібесін жерден терген Сыр диқандарының 1000 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері халыққа нарық бағасынан төмен бағада ұсынылады.Мұнан бөлек, сағат 11:00-де қалалық ипподромда облыстың ең үздік сәйгүліктері мен айтулы атбегілерінің қатысуымен ұлттық ат спорты бәйгесі өтеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!