25 күнге қамалған журналист Думан Мұхаммедкәрім аштық жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы журналистің адвокаты Ғалым Нұрпейісов мәлімдеген.

Адвокаттың айтуынша, ол БАҚ өкілдерін өзіне кіргізуді талап етіп отыр. Бастапқыда журналисте дәрі-дәрмек болмағандықтан, 24 наурызда аштықты бастаған. 25 наурызда кешке оған дәрі-дәрмек жеткізілген.

«24 наурызда апелляциялық сот өтіп, шешім өзгеріссіз қалды. Сот кезінде көптеген заңсыздықтар болды. Думан әлі кандидат болғандықтан оның имунитеті бар. Бірақ сот біздің айтқанымызды ескерген жоқ. Енді кассациялық сотқа шағымданамыз», – деді Ғалым Нұрпейісов 26 наурыз таңертең Азаттық тілшісіне.

Оның сөзінше, Думан Мұхамедкәрім қазір Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының орталығы Есік қаласында қамауда отыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!