Бүгін жалпы отырыста ҚР Парламенті Сенаты сайлаған судьялар Досжан Әмір мен Қамбар Нұрышевтың Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының құрамына қабылданғаны белгілі болды.

Қамбар Жұмабайұлы Нұрышев 1961 жылы Атырау облысында дүниеге келген. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1983 жылы Гурьев қалалық сотының консультанты болып жұмыс істеді.1984-1987 жылдары – сот жұмысы жөніндегі Гурьев әділет бөлімінің аға консультанты.1987-1991 ж. ж. – Атырау облысы Балықшы аудандық және Гурьев қалалық соттарының халық судьясы;1991-1995 ж. ж. – Балықшы аудандық сотының төрағасы;1995-1999 ж. ж. – Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы, судьясы;1999-2011 ж. ж. – Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстық соттары алқасының төрағасы;2011-2014 ж. ж. – Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы;2014-2016 ж. ж. – Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы;2016-2017 ж. ж. – Жоғарғы Соттың судьясы.

Қазіргі уақытқа дейін Қызылорда облыстық сотының төрағасы болды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!